Байлық – байлық емес, бірлік – байлық

157 Views

Жақында орталық стадионда «Мәде­ниет – асыл қазынам!» деген тақырыпта Тұрар Рысқұлов ауданының мәдениет күні өтті. Тамашаладық. Керемет көріністердің куәсі болдық. Бұл облыстық деңгейде ұйым­дастырылып жатқан байқау болған­дықтан, ұйымдастырушы тарап, яғни аудан әкім­дігі осы мәдени іс-шараны жоғары дең­гейде өткізді деп толығымен айта ала­мын.
Сонау Астанадан жерлесіміз, атақты әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Досымжан Таңатаров та туған жерге келіп, ән салды. Көгершін ауылында жаңа 90 орындық мәдениет үйі ашылды. Осының барлығы облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай бас­таған делегация өкілдеріне де ұнаған болар деп ойлаймын. Аудан­дық ардагерлер Кеңесінің мүшелері керемет іс-шараның куәсі болып, тәнті болғандарын айтып жүр. Бұның барлығы аудандағы тұрақтылық пен берекелі бірліктің арқасы. Лайым елімізде бейбіт­шілік заман болсын. Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын. Ел тізгінін ұстаған азаматтар аман болсын. Соларға қолдау көрсетіп, демеу беріп отыратын тұрғындардың да қарасы көп болсын.

Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: