Асқақтай бер – айбынды Қазақстан
Сейсенбі күні Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараның тақырыбы – «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» деп аталды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысып, сөз сөйледі. Әлібек Мамытжанұлы өз сөзінде:
– Біздің мұратымыз, діттеген мақсатымыз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне адал қызмет ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Түркістан шаһарында өткен екінші ұлттық құрылтайда бұл жағдайларды тайға таңба басқандай сипаттап берген болатын. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Осыны барлығымыз жете түсініп, әрқайсымыз өз ісімізге адалдықпен қызмет еткеніміз абзал. Бүгінгі айшықты мерекемізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш болып, бірлігіміз ажырамасын, – деді.
Содан соң Әлібек Мамытжанұлы бір топ азаматтар мен азаматшаларға марапаттар табыс етті. Атап айтсақ, зейнеткер қария Мейірқұл Скендеров пен «Ермағанбет» шаруа қожалығының басшысы Есен Бекеновке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев, аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Таттыхожаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының директоры Қайрат Өскенбаев облыс әкімінің Құрмет, «Жүнісқадыр» шаруа қожалығының басшысы Біржан Жүнісқадыров, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы Ләззат Оңалбекова, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Көкдөнен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрбоз Ағыбаевқа, ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен зейнеткер Үтділда Тойғанбековке «ҚР Ауылшаруашылығы ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагері» белгісі, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Бірлік Сраиловқа Тұрар Рысқұлов ауданының «Құрметті ардагері» белгісі, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Ғабит Сұлтанбаевқа «Елеуші еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Ал, Луговой ауылдық емханасының мейірбикесі Дариякүл Әлдейбекова, аудандық «Құлан таңы» газетінің дизайнер-операторы Перизат Кабираева,«Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының қоймашысы Халима Махатова, аудандық статистика басқармасының бас маманы Бақытхан Тойбеков, Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Еркімбаева, Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері Зәуре Маделиева, Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Фарида Нұржан, Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлғайша Қонақбаева және Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскер бөлімінің меңгерушісі Рая Ибрашева аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Мерекелік іс-шара сәрсенбі күні де жалғасын тауып, аудан орталығында концерт өтті. Концертті аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, жастар тамашалады.
Марат Жолдасбекұлы.