Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Апта басында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғазы Еспенов бекітілген кестеге сәйкес, Абай ауылдық округіне барып, тұрғындармен жүздесті. Президенттің №826 Жарлығына сәйкес кездесу өткізген Ерғазы Жұмабекұлы ең алдымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп берді.
– Ауданда атқарылып жатқан жұмыс көп. Мәселен, инвестициялық жобалар жайында айтар болсақ, инвесторлар Тереңөзекте кварц өндіруді қолға алмақшы. Бұл – бір жағынан аудан экономикасының өсуіне оң әсер етсе, екінші жағынан жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға өз септігін тигізбек. Бұл – бір. Екіншіден, Малдыбайда үлкен кірпіш зауыты салынбақшы. Сондай-ақ, кірпіш зауыты Луговойда ашылып, өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта бұл кәсіпорын өрнектастарды өндіруді көздеп отыр. Инвест жобалар мұнымен толастамайды. Ақбұлақта да минералды су өндірілмекші. Ал енді Абай ауылдық округіне келер болсақ, биыл Сіздерге «Ауыл аманаты» жобасы келді. Онымен қоса, «Қарақат» каналы да іске қосылмақшы. Өйткені, баянды бастамамыз республикадан қолдау тауып отыр. Ауылдағы «Жастар» мен «Самал» көшелерінің жолына деп қаржы бөлдік. Алдағы уақытта мәдениет үйінің де құрылысы жоспарда тұр, – деп аудан және ауыл аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жиында ауылдық округ әкімі Мұратбек Арыстанбеков те сөз сөйледі. Ауыл әкімі жыл басынан бері тұрғындар тілегі мен өтініштері 99 %-ға орындалғанын сөз етті.
Дегенмен, ауыл тұрғындары жаяу жүргіншілер жолын салу, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын тездетіп бастау, ағын су жүйесін реттеу сынды бағытта сауалдар жолдады. Көтерілген сұрақтарға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғазы Жұмабекұлы толыққанды жауап беріп, мәселелердің шешілу жолын, тәртібін тиянақты түрде түсіндіріп берді.
Жәнібек СҰЛТАН.