Біле жүріңіз!
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырмасы аясында «Ардагерлер ұйымына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен көзделген қызметтері жөніндегі Т.Рысқұлов ауданында жергілікті билікпен бірлесе отырып, 2023 жылдың қараша айында өткізілген іс-шаралар тізбесі.
1. Ардагерлермен жастарды қамти отырып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Құлан агротехникалық жоғары колледжі.
2. «Элай Құлан» сауықтыру орталығындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық және әлеуметтік көмектер көрсету. «Элай Құлан» сауықтыру орталығы.
3. Аналар алқасы мен әкелер кеңесінің қолдан тоқыған бұйымдарынан көрме ұйымдастыру. Аудандық мәдениет үйі.
4. Ұлттың қалыптасуында дін мен дәстүрдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Т.Рысқұлов ауданындағы «Дінің тұрсын дін аман!» тақырыбында өткен көшпелі дөңгелек үстел отырысы. Көгершін ауылдық округі.
5. Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында аудандық дартс ойынын ұйымдастыру. №1 мектеп-лицейі.
6. Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әліпбаевтың ұйымдастыруымен зейнеткерлердің әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін талқылап, әлеуметтік карталарының толтырылуын қадағалау. Құлан ауылдық ардагерлер үйі.
7. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу және рухын шыңдау мақсатында Ауған соғысы және желтоқсаншы ардагерлермен жастардың кездесуін дөңгелек үстел форматында ұйымдастыру. М.Өзбеков атындағы мәдениет үйі.
8. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында өткен Т.Рысқұлов ауданындағы «Атадан қалған асыл сөз» дөңгелек үстел отырысы. Көгершін ауылы, ауылдық кітапхана.
9. Бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі. Дөңгелек үстел. Ә.Бөкейханов орта мектебі.
10. Құлан ауылындағы №1 мектеп- лицейінде аудандық ардагерлер ұйымы жанындағы Әкелер кеңесінің «Әке – алтын діңгек» тақырыбындағы семинар кеңесі.
11. «Ата мен әженің тәрбиесі – жас ұрпақты кемел келешекке бастайды» тақырыбында аудандық аналар кеңесінің семинары. Бұл Көкдөнен ауылында қарттар күні мерекесі қарсаңында болып өтті.
12. Т.Рысқұлов ауданында денсаулық сақтаудың қажеттілігі негізінде ардагерлерге жасалып жатқан қолдаулар туралы іс-шара. Аудандық орталық аурухана.
13. Ардагерлерге көрсетілетін мәдени көпшілік іс-шаралар. Аудандық мәдениет үйі.
14. Ардагерлерге көрсетілген әлеуметтік көмектер . Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
15. «Дінің тұрсын дін аман!» тақырыбында аудандық полиция бөлімінде іс-шара өтті.
«QT – ақпарат».