Жеті еселендіру

197 Views

Әлқисса, осы күні
жекешелендіру деген жүріп жатыр.
Оның немене екенін
бipey біліп жатыр.
Енді бipey сол баяғы
«Сен тимесең мен тимен
бадырақ қөз» деген мәтелдің
«текеметін тіліп» жатыр.
Білгендердің көпшілігі – пысықайлар.
Пысықайлар дымбілмес
«қысықайларға» күліп жатыр.
Мінгендері қос-қостан машина
Болғасын
басқаға жандары аши ма?!
Сауданың сорпасын сапырып,
Heбір миллионерлер шығып жатыр.
Бұрындары бизнесмен,
капиталист дегендерді
Ауызға алудан жасқанатын ек.
Ауызға алушы болса
бас салатын ек.
Енді коммерцияны
нарықтың заңы деп,
халықтың қамы деп,
ақталатындар шықты.
Tiпті, біз бизнесменбіз деп
кеуде соғып
мақтанатындар шықты.
Мақтанбай қайтеді –
Дүкенді, зауытты,
Қой, сиыр, тауықты
«жекешелендіріп» алып
байыған соң сөйтеді.
Кетіспей-ақ егеске
Келейікші кеңеске:
осы жекешелендіру деген
тықпалау ма өңешке?
Немесе,
қолында жоқты қор қылып,
қолында бардың байлығын
жеті еселендіру емес пе?!.
Kөріп-біліп отырып
Қалай дәтің шыдасын
Енді бұлай демеске…

Поделиться ссылкой: