ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 күн
Жыл сайын республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы өткізіледі. Бұл ісшараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды кеңес беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы хабардар ету.
Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі облыстық іс шаралар жоспарына сәйкес, Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектеп базасында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбындағы ата-аналармен семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Т.Алагөзова, аналар кеңесінің мүшелері Ғ.Өтеулиева, Ұ.Жайлышева, білім бөлімінің әдіскері Г.Ноғайбаева, облыстық «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің Т.Рысқұлов ауданындағы зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің психологі Ж.Амантай қатысып, ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылық заңнамаларына түсіндірме беру, ата-аналарға құқықтық, психологиялық кеңестер беру, елдің бірлігі, отбасы татулығын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинарда баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары жергілікті тұрғындарға кеңінен түсіндірілді. Семинар барысында жадынамалар таратылып, бейнедәрістер көрсетілді.
«Құлан таңы» ақпарат.