Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
– Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.
– Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
– Өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.
– Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м.) сақтау қажет.
– Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек. Шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.
– Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасауға болмайды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балықшының құтқару кеудешесі немесе төс кеудешесі, сондай-ақ, ұзындығы 15-20 метр, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 грамм жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
– Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.
– Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу қажет.
Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады:
– көк түсті мұз – берік;
– ақ түсті – беріктігі 2 есе аз;
– сұр және күңгірт – ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!
Қыс мезгілінде су айдындарында, мұз үстіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін сақтамау қайғылы оқиғаларға алып келеді!
Аудандық Төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімі.