Ертегі әлеміне саяхат
Әр бала шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ананың аялы алақанын, жылы құшағын сезінеді. Бесігінде тербеліп, бесік жырымен сусындайды. Сәби алғашқы тәлім-тәрбиені бойына ананың әлдиінен сіңіретін болса, өсе келе нағыз тәрбиенің бұлағын әже ертегісінен алады. Ерте жастан ертегімен сусындап өскен бала өскенде арманшыл, сөзге берік, табанды да талантты, өнерлі әрі батыл болып өседі. Себебі, ертегі баланы талапты, қағізел болуға әрі алға қойған мақсатынан айнымайтын қайтпас қайсарлыққа, өжеттікке, батырлыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелейді. Сондықтан да ертегінің бала өміріне әсері өте зор. Осыған орай, аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Біз кітаппен бірге өсеміз» жобасының «Әжемнің ертегісі» айдары аясында «Ақбота» бөбекжай-бақшасына барып, кітапханадағы құнды кітаптардан балабақшаның кішкентай бүлдіршіндеріне «Қисық үйрек», «Тышқан, ит және мысық» сияқты бірнеше ертегілерін оқып, дауыстап оқу іс шарасы өткізілді. Осы ісшараға аталмыш балабақшадағы ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Нұрсұлу Таңатқызы мен балабақша қызметкерлері өз үлестерін қосып, шараға белсене атсалысты.
Мархабат Ділдабаева,
Көгершін ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі.