Құлаққағыс

158 Views

Қысқы кезеңге арналған автокөліктердің дөнгелектері мен жасақталмаған көлік құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, бір оське әртүрлі мөлшердегі, конструкциялардағы, модельдердегі дөнгелектерді орнатып көлік-құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігіне сай көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерте кеткіміз келеді.
Күрделі табиғат жағдайларында рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығынан емес, ауа райының қолайсыздығына сай қалыптасқан жол жағдайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықты таңдау керек. Сондай-ақ, қауіпті маневрлерден аулақ болу керек. Әсіресе қарсы бетке шығу қозғалыстарынан сақ болу керек.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауа райы жағдайлары нашарланған кезде, яғни қалың тұман, қарлы боран, жол тайғақтығы кездерінде автокөлікті басқарған кезде жүргізушілер жолда өте мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Аудандық полиция бөлімінің жол және
техникалық инспекциясы тобы.

Поделиться ссылкой: