Өскеменнен олжалы оралды

115 Views

Әр елді әлемге танытатын екі нәрсе – оның спорты пен мәдениеті десек, қазақ халқы қашан да мәдениеттен де, спорттан кенде қалған емес. Байырғы замандарда да, бүгінгі дамыған дәуірде де қалың қазақ қоғамында қара күштің иесі әсте бой көрсете білген. Кешегі Қажымұқандардың ізін жалғаған бүгінгі спорт саңлақтарының әлем алдында көрсеткен өнері барша жұртқа мәлім. Сондай шеберлердің ізін жалғап келе жатқан, болашағынан үміт күттірер жас спортшылар біздің ауданда да аз емес. Солардың бірі – Көгершіннің Сандуғашы.
Жуырда ғана аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, республикалық турнирге қатысу үшін Өскеменге аттанған қаршадай қыз – Сандуғаш Садырбай шығыстан олжалы оралды. Үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленген Сандуғаштың жаттықтырушысы – Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Данабек Дошаханов. Жүлделі тұғырдан көрінген оқушымыз бен әріптесімізге алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жарқын жеңістері мен толайым табыстары мол болсын деп тілейміз!

Салтанат Қарасаева,
Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: