Банктердің қосымшасы арқылы да әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ала аласыз…

104 Views

Kaspi және Halyk Homebank мобильдік қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алуға болады. Kaspi мобильді қосым­шасында қажетті анықтаманы алу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлі­міне кіріп, «Цифрлық құжаттар» батырмасын басып, «Анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызмет­тер», «Анықтамалар» бөліміне кіру ар­қылы қажетті ақпаратты білуге болады. Анықтаманың цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат алуға бола­ды. Қызмет алушы анықтаманы көру бары­сында 2016 жылдан бастап кез кел­ген кезеңді таңдай алады. Ең жоғар­ғы кезең 3 жыл.

Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: