Хабарландыру

126 Views

Т.Рысқұлов аудандық статистика басқармасы жеке кәсіпкерлердің алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде тапсыруға мүм­кіндіктері бар екенін хабарлайды.
Т.Рысқұлов ауданында әртүрлі салада қызмет көрсетіп отырған 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2 қызмет көрсету (жылдық) нысанын тапсыратын 1206 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Соның ішінде 420 жеке кәсіпкердің қызмет көрсету түрі 96090 болып дұрыс тұрған жоқ. Қызмет көрсететін саласына байланысты бес саннан тұратын қызмет көрсету ЭКЖЖ (ОКЭД) түрі жеке кәсіпкерлікті тіркеген кезде автоматты түрде ескерілмей қате тіркелген. Жоғарыда айтылған статистикалық деректерге байланысты нақты айтқанда, әр жеке кәсіпкердің қызмет көрсетіп отырған саласына байланысты қызмет көрсету түрін нақтылап түзету үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан Статистикалық есептілік АЖ үшін жеке тұлғаның аутенттілік құралдарын және электронды қолтаңбасын ЭЦК алып қызмет түрін дұрыс қоюларыңызды сұраймыз. Түсінбеген сұрақтарыңыз болса, Т.Рысқұлов ауданының Статистика басқармасына келсеңіздер болады немесе төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарлассаңыздар болады.
Сонымен қатар ескере жүріңіздер! 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 2024 жылдың наурыз айына дейін 2-қызмет көрсету (жылдық) нысанын 2023 жылға тапсырыңыздар.
Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №61, 3-ші қабат. Тел.: 8 (72631) 2-18-55. Жауапты маман: Б.О.Тойбеков. Тел.: 87059775489.

Аудандық Статистика басқармасы.

Поделиться ссылкой: