Дөңгелек үстел өтТі

466 Views

Іс-шараға  аудандық соттың судья­сы Л.Байтленова, аудандық заң кеңсе­сінің адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Ма­каева, аудандық полиция бөлі­мі­нің өкілі Г.Ақшабаева және жеке сот орын­­даушылар А.Асан, Ғ.Алимова қа­тысты.
Аудандық соттың судьясы Л.Байтле­нова өз сөзінде ген­дер­лік теңдіктің маңыз­дылығын  айтып,  өмірдің бар­лық салаларында әйелдердің де еңбек етіп жүргенін  атап өтті. Одан бөлек, судья Л.Байтленова «Әйелдердің мәр­тебесін халықаралық құқықтық рет­­теу­дің негізгі принциптерін бел­гі­леп, әйел­дерге қатысты кемсітудің бар­лық ны­сан­дарын жою туралы Кон­вен­цияда көрсетілген әйелдердің ерлермен тең құқығын қамтамасыз етуге бағытталған бір­қатар жағ­дай­лар қарастырылғаны туралы» және Қазақстан Республикасы Консти­ту­циясымен кепілдендірілген ген­дер­лік саясаттың негізгі принцип­терін  әңгімелеп берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: