Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!

238 Views

Жамбыл облыстық «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің республикалық деңгейде ауқымды жұмыс жасап келе жатқанына біраз жылдар болды. Бұл – республикалық деңгейде құрылған қоғамдық бірлестік. Олардың бұл қоғамдық бірлестікті құрудағы басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиетін дарыту. Сондай-ақ, олардың санасына Отанды қадірлеуді сіңіріп, жастарды адамдық қасиеттен арылмай, адалдыққа тәрбиелеу.
Біздің, яғни Тұрар Рысқұлов ауданында да бұл қоғамдық бірлестіктің бөлімшесі құрылған. Жамбыл облыстық «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің жетекшісі болып, медицина саласында ұзақ жылдар еңбек еткен абыройлы азамат Иманов Марат Мылтықбайұлы тағайындалған. Қазіргі таңда ауданымызда аталмыш қоғамдық бірлестіктің 40-қа жуық мүшесі бар. Қанат Алибаев, Асқар Сарбасов, Кенжебек Нарботаев, Тұрар Назаралиев, Махамбет Алимов секілді азаматтар осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері.
Жақында Луговой ауылында тұратын Асқар Сарбасов, Кенжебек Нарботаев секілді жанашыр азаматтардың ұсынысымен Жамбыл облыстық «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің жетекшісі Иманов Марат Мылтықбайұлының қолдауымен қоғамдық бірлестіктің мүшелері көмекке мұқтаж отбасыға өздерінің көмектерін көрсетті. Атап айтсақ, олар ата-аналары қайтыс болған 5 қыз баланың үйіне «Теплоросс» пешін сатып алып беріп, қыздардың үлкені Ләззат Төлегеноваға табыстады. Өз сөзінде Марат Мылтықбайұлы қазақ халқы әрқашан жанашыр болғанын айта келіп, әрқашан қолдан келген көмекті жасайтынын айтты. Содан соң Қанат Алибаев, Асқар Сарбасов, Кенжебек Нарботаев, Тұрар Назаралиев, Махамбет Алимов секілді Жамбыл облыстық «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімшесінің мүшелері де сөз сөйлеп, елдік мүдде туралы әңгіме қозғады. Одан кейін Луговой ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсенбек Әлпейісов те сөз сөйлеп, ауыл тұрғынына қол ұшын созған аталмыш қоғамдық бірлестік мүшелеріне алғысын жаудырды.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: