Денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

89 Views

Қазақстан Республикасы кодексінің 13-бабы 4-тармақшасы және «Мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қа­зақстан Республикасы заңына сәйкес, ден­саулық сақтау саласы бойынша мемле­кеттік көрсетілетін қызметтердің соң­ғы өзгерісіне сәйкес, яғни 2021 жыл­ғы 1 қаңтардағы тізіліміне орай, бүгін­гі таңда аудандық орталық ауру­ханада 14 мемлекеттік қызмет көрсе­тіледі. (14 электрондық (ішінара автомат­тандырылған) /қағаз; оның 1-еуі стационарда – Стационарлық нау­қас­тың медициналық картасынан үзін­ді көшірме беру), қалған 13-і амбула­то­риялық-емханалық ұйымдарда көрсе­тіледі.
1. Электронды (ішінара автомат­тан­дырылған) қағаз түрінде;
– медициналық-санитариялық ал­ғаш­қы көмек көрсететін медициналық ұйым­ға бекіту;
– дәрігердің қабылдауына жазылу;
– дәрігерді үйге шақыру;
– медициналық-санитариялық ал­ғаш­қы көмек көрсететін медициналық ұйым­­нан анықтама беру;
– еңбекке уақытша жарамсыздық пара­ғын беру;
– уақытша еңбекке жарамсыздық тура­лы анықтама беру;
– стационарлық науқастың медици­на­лық картасынан үзінді көшірме беру;
– транспланттау мақсатында ағза­лар­дың (ағза бөлігінің) немесе тін­дер­­дің (тін бөлігінің) қайтыс бол­ғаннан кейін­­гі донорлығынан тірі кезінде бас тар­ту немесе келісім алуды тіркеу;
– пациенттерге стационарға емде­лу­ге жатқызуға жолдама беру;
– азаматтардың жекелеген санат­тарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйым­дар­ды беру;
– денсаулық сақтау саласы кадр­ла­ры­ның біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру;
– алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу;
– көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру;
– санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру;
2.Электронды (толық автомат­тан­дырылған) 3 мемлекеттік қызмет көрсе­тіледі (Egov арқылы – Халыққа қызмет көр­сету орталықтарында):
– наркологиялық ұйымнан анықтама беру;
– туберкулезге қарсы ұйымнан анық­тама беру;
– психоневрологиялық ұйымнан анық­тама беру;
«Мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы заңның 3-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер негізгі қағидаттар бойынша көрсетіледі:
– көрсетілетін қызметті алушы­лар­дың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсі­ліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқа­ра­сы­на, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша қандай да кемсі­ту­шіліксіз теңдей қол жеткізуі;
– мемлекеттік қызметтер көрсету ке­зінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көрініс­теріне жол бермеу;
– мемлекеттік қызметтер көрсету саласын­дағы есеп берушілік және ашық­­тық;
– мемлекеттік көрсетілетін қызмет­тердің сапасы мен қолжетімділігі және әрі процесті жетілдіру;
Құрметті аудан тұрғындары!
Мемле­­кеттік көрсетілетін қызмет­тер­дің алу тәртібі аурухана сайтында то­лық көрсетілген. Денсаулық сақтау саласындағы көрсе­тілетін мемлекетік қыз­мет­тер алу тәр­тібі бұзылған жағ­дайда немесе қанағат­тан­­ба­ған жағ­дайда аудандық орталық ауру­хана әкім­шілігіне немесе 2-26-60 сенім теле­фонына шағымдануға мүмкін­дігіңіз бар екенін назарларыңызға саламыз!

Р.Жұманқұлова,
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Поделиться ссылкой: