Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Жаңа жылдық мереке қарсаңында балалардың көпшілігі пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан жарақат алады.
Осыған байланысты аудан аумағында 2023 жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтары аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты – халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу.
Пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы:
– пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);
– балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
– қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
– пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;
– ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
– көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;
– білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;
– жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.
Тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте сақтау керек.
Аудандық полиция бөлімі.