Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы, №28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қорғаныс министрінің 2023 жылдың 28 қазанындағы №1100 бұйрығына сәйкес, 4 мемлекеттік қызмет алынып тасталды және 3 мемлекеттік қызмет оңтайландырылды.
1. Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру;
2. Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру;
3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қою және одан шығару;
4. Әскер қызмет туралы мәліметтерді өзектілендіру (түзету);
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру;
6. Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру;
7. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру;
8. Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру.
«Электрондық үкімет» веб-порталында жаңарту жүргізілгеннен кейін www.egov.kz оның mgov мобильді қосымшасында келесі мемлекеттік қызметтер іске қосылады:
1. Әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру;
2. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қою;
3. Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектілендіру (түзету);
4. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру.
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім.