Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Өткен жұмада жуырда ғана ел игілігіне пайдалануға берілген №6 мектеп-лицейінің акт залында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің I пленумы өтті. Аталған жиынға Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова, сондай-ақ, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, әр мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Жиында жұмыс беруші тарап ретінде аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Айдарбекқызы аудандық білім бөлімі мен «Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің арасында 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы, сондай-ақ, ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде есепті баяндама жасады. Содан соң «Жамбыл облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Тұрар Рысқұлов аудандық комитетінің төрайымы Айнұр Манатбекқызы да жұмысшылар тарапы бойынша қосалқы баяндама жасады. Өз кезегінде Ерұлан Сәбенұлы да пікірін білдіріп, оябы бөлек ойлар айтып, бірқатар мұғалімдерді марапаттады. Пленум соңында бірқатар білім беру ұйымдарының қызметкерлері, яғни педагогтарға ҚР Оқу ағарту министрінің Құрмет грамотасы мен ҚР кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалі, сондай-ақ, Жамбыл облыстық кәсіподақтар кеңесінің Құрмет грамотасы табыс етілді.
Марат Жолдасбекұлы.