ҚАРАСОРАҒА қарсы күрес жүргізілді
56 ViewsБүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел- профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі…
Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Иірім» атты кітабы бар. Жақында сол кітапты тұтастай оқып шықтым. Сұмдық жазған енді. Тегінде, эссе деген солай жазылса керек-ті.
Көркемдік тұрғыдан керемет жазылған кітап расыменде. Бірақ, ішіндегі мазмұн шындыққа толы. Біраз қаламгерлердің шынайы бет-бейнесі анық әрі дәйекпен жазылған.
Біздің ауданда да дәл сондай «Иірім» секілді кітап жазылар болса, біразының «маскасы» айқындалар еді-ау! Рушыл, атақпен арбалып, мансапты көздеген, арды емес, ақшаның жетегіне ерген «адал ниетті атаққұмарлар» ұялғанынан кірерге тесік таппай қалар ма еді…
«Иірім» кітабынан түйген ойлар «Кресло – 7-ні» жазуға себепші болды. Ұққандар ұғар, ұқпағандар болса, өз сөзім өзімдікі.
Марат Диханбай.