Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Еліміз татулықтың, достықтың ажырамас ауызбіршіліктің киелі мекені. Сонау заманнан келе жатқан тіліміздің тарихы – еліміздің тарихының асқақ көрінісі. Сыртқы көрініс қашанда мінсіз болып көрінгені секілді оның ішкі жағдайының көрінісіне де ең бірінші кезекте мән берілуі тиіс және солай талап етілгені абзал.
Халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы, өркениеті барлығы дерлік ана тіліміздің кең етек жайып өсуінің арқасында дами түседі. Тіл қай кезде болсын – қастерлі, құдыретті, құрметті ұғым. Өзінің ана тілі бар ел – ең бақытты мемлекет деп айтсақ, артық етпес. Тіл – біздің мақтанышымыз. Әр ұлттың ана тілі өзінің жанына жақын болып табылады. Сол үшін ана тілін сүйіп, оған ерекше құрмет көрсетіп, көзінің қарашығындай қорғау – әр азаматтың міндеті.
Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол елдің абыройы, елдігімен еркіндігін танытатын баға жетпес қазынасы. Мемлекеттік тіліміз қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатындықтан, дәлірек айтқанда, жүргізілетін барлық іс-қағаздар, құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет.
Себебі ана тілімізді құрметтеу мына өзімізден бастау алады. Ұрпағымыздың ана тілімізді меңгеріп, сол тілде еркін сөйлей отыра, ойын ашық жеткізе білуі болашағымыз үшін де керек дүние. Тіліміздің тағдырына уайымдап, тіліміз үшін барлығына дайын болу керекпіз. Осы орайда айта кететін жайт, біз ешқашан тіліміздің орынсыз шұбарлануына жөн бермеуіміз керек.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» – деген екен. Сондықтан тіл тағдыры – ел тағдыры дегенді еш ұмытпайық. Ана тілімізбен мақтанып, оны құрметтеп, қадіріне жете білейік!
Жібек Қожабекова,
аудандық «Тілдерді оқыту» бөлімшесінің оқытушысы.