Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Қоян жылы тарих қойнауына еніп, Ұлу жылы да төрімізге енгелі отыр. Жаңа жылды әлем халқы тойлайды. Сондықтан бұл мерекеге дайындық қарқынды жүргізіледі. Аудан орталығында да жыл сайынғы дәстүрге сай шырша орнатылып, көркем құралдармен безендірілді. Өткен аптада кешқұрым осы шыршаның шамшырағын республикалық «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы, Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Тәтібекова мен жас шахматшы, Қырғызстанның Ыстықкөл демалыс орнында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Айару Каипова салтанатты түрде жағып, жиылған жұрттың ыстық ықыласына кенелді. Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен оның орынбасарлары, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, әр түрлі мекеме басшылары да қатысты. Жиылған жұрт әсем шыршаның көркемдік тұрғыдан келісті безендірілгеніне тамсанып, Ұлу жылы да елімізде бейбітшілік пен тоқшылық болсын деген ниетпен тарқасты. Шара соңында зеңгір көк аспанға отшашу шашылып, әсем ән шырқалды.
«Құлан таңы» ақпарат.