Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Мінеки, қоян жылының да тарих қойнауына енуіне санаулы күндер қалды. Жалпы, өткен жылға өкпе жоқ десек жарасады. Өйткені, өтіп бара жатқан Қоян жылы қуатты Қазақ елі үшін табысты да берекелі жыл болды. Иә, рас, қуаңшылық болды. Дегенмен, ең бастысы, соның бәрін елдің бірлігінің арқасында бірге еңсере білдік. Бейбітшілік заман болса, біз еңсермейтін қиындық жоқ. Төрімізге енгелі отырған Ұлу жылында да елімізде зор жетістіктер көп болады деген ойдамыз.
Жаңа жылдық мерекені балалар асыға күтеді. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін Аяз ата мен Ақша қардан сыйлық алғаннан артық бақыт жоқ. Жылдағы дәстүрге сай биыл да аудандық білім бөлімі, сондай-ақ, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкерлері аудан әкімінің шыршасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Биылғы аудан әкімінің шыршасы расыменде ерекше форматта өрбіді. Жаңаша қойылым. Ерекше шоу. Жарасымды жүргізушілер. Жайдары көңіл күй. Осының барлығын біз балалардың көрсеткен өнерлерінен байқадық. Оның үстіне, Жаңа жылдық мереке «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп, биыл ғана пайдалануға берілген №6 мектеп-лицейінде өтті. Бұл да бір қуаныш деп білген жөн.
Жаңа жылдық кешке аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова қатысты. Мерекелік шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Ернар Серікәліұлы қоян жылында білім саласында ауыз толтырып айтатындай жарқын сәттердің орын алғандығын айтып, кешке қатысқан оқушыларды Жаңа жылдарымен құттықтады. Думанды кеште жанрдағы ертегі кейіпкерлерінің киімін киген өнерпаздар балалардың көңілдерін серпілтті. Ілкімді іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, бірі биледі, бірі ән салды. Кеш соңында Жаңа жылдық шырша кешіне қатысқан барлық оқушыларға арнайы әзірленген аудан әкімінің сый-сыяпаты табыс етілді.
Сондай-ақ, дәл осы күні ерекше білімді қажет ететін балаларға да арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. «Құтты болсын, Жаңа жыл» деген тақырыпта өткізілген шырша мерекесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова сөз сөйлеп, құттықтау тілегін айтты. Шара соңында демеушілер тарапынан әзірленген сый-сыяпаттар ерекше білімді қажет ететін балаларға табыс етілді.
Марат Диханбай.