Құнсыз адам
21 ViewsАбдырап қалған Лоуренс қатты састы, не айтарын білмей қипақтады. Оның тілін жұлып алып ішін жарып қараса да бұл сұрақтың жауабын таба алмайтындығын аңғарған Джонсон…
Сәрсенбі күні аудандық мәдениет үйінде іс-шара ұйымдастырылып, ауданда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар да марапатталды. Аталған марапаттарды аудан әкімі Ернар Есіркеповтің өзі табыс етті. Айталық, арнайы ұйымдастырылған шарада аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Қайырбек Ауталипов, «Ернұр» шаруа қожалығының басшысы Асқар Байсақалов, аудандық қызылшашылар ассосациясының төрағасы Талап Иманов «Тұрар Рысқұлов ауданына – 85 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, «Ынтымақ – 2022» СПК директоры Берік Қарақойшиевке «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалі табыс етілді. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің трактор бригадиры Жандар Асқарбек, «Нұрмет» шаруа қожалығының сауыншысы Хасия Қабылбекова, «Нұрдәулет» шаруа қожалығының механизаторы Бақытжан Қошқарбаев аудан әкімінің Алғыс хатымен, ал, «Зарған» шаруа қожалығының басшысы Зархан Еділова, «Бағдат» шаруа қожалығының басшысы Бағдат Шынасілов, «Дарын» шаруа қожалығының басшысы Едіге Исахов және жеке кәсіпкер Балжан Тілеукееваға аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды.
М.Диханбай.