Ынтымақ – ырысымызды арттырады

208 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын бас алмай оқып шықтым. Ел Президентінің Дихан Қамзабекұлы­ның сұрақтарына тұшымды жауап бергенін зор ықыласпен қабылдадым.
Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Тағы да қайталаймын, еңбек­қорлық, білімпаздық, кәсібилік, бір­лік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастама­шылдық, адал­дық, қара­пайым­дылық және үнемшілдік – нағыз отан­шыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құн­ды­­лықтар. Халқымыздың қуатын арттырып, табыс­қа жетелейтін осындай қасиеттер мен құн­дылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ сана­сына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа ай­нала аламыз» деген сөзі кез келген адамға ой салды деген ойдамын.
Расымен де, қазіргі таңда біздің елде тұрақ­тылық бірінші орында болу керек. Әлемдегі гео­саяси жағдайды көріп-біліп отырмыз. Осы­ның барлығын негізге ала отырып, біз әрқашан берекелі бейбітшілік пен саяси тұрақ­тылығымызды ойлауымыз керек. Сон­дықтан дамыған елдің санатында боламыз десек, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қазақы ұғымды әркез жадымыздан шығармауымыз қажет.

Нұрлан Бықыбаев,
«Құлан таңы» газетінің бас редакторы.

Поделиться ссылкой: