Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты барша қазақстандықтардың ойынан шықты деп ойлаймын. Әсіресе, жастарымыздың туған елге, сүйікті Отанымызға деген патриоттық сезімдерін бойларына сіңіріп дамуы үшін қоғамдық саяси, гуманитарлық, экономикалық салаларда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын жыл ортасы ауғанша созбай, І тоқсанда-ақ айқындаймыз дегені өте дұрыс шешім. Осы сұхбатта ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және қазақ халқының тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрін нығайту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатыны көңілімізге қуаныш ұялатты. Президентіміздің «Елімізде заң мен тәртіп қана үстемдік құруға тиіс» деген мызғымас қағидасын да халқымыз қолдайды. Репрессия құрбандарын ақтап, тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды барша қазақстандықтар жоғары бағалайды деп ойлаймын. Мемлекет басшысының «Кеттің бе – қайырылма» деп ашық айтқаны, қосарланған билік жүйесін орнатуға талпынғандарға сабақ болуы керек. Жасыратыны жоқ, халық әлеуметтік желілерден, басқа да ақпарат көздерінен билікті күшпен басып алуға талпынғандардың, ел байлығын миллиардтап ұрлаған жемқорлардың кейбірі әлі тиісті жазасын алмағанын көріп-біліп отыр. Мемлекет басшысының «Наурыз мейрамының мазмұнын байытып, жаңаша атап өтуіміз керек» дегені өте дұрыс. Бұл қадам ел бірлігін нығайта түсетіні анық.
Серік Өтегенов,
аудандық Билер кеңесінің төрағасы.