Т.Рысқұлов ауданының 2023 жылғы қаңтар–қараша айларындағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері

193 Views

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 14413,4 тонна ет, 30944,6 тонна сүт, 4089,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 805,2 тонна ет кем өндірді. 895,2 тонна сүт, 278,9 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басының өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 33581 басқа, қой 571960 басқа, ешкі 20411 басқа, жылқы 21518 басқа, түйе 107 басқа, үй құстары 123622 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 10 басқа, қой 25281 басқа, үй құстары 1357 басқа көбейді. Ешкі 9818 басқа, жылқы 10 басқа кеміді.

Б.Пірімқұлов,
аудандық статистика
басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: