Өткен жылы 39 қылмыстық іс қаралған

134 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төр­ағасы Айдарбек Замбаев 2023 жылдың 12 айында сот төрелігін жү­зеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қаты­суымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған іс­тер мен материалдар бойынша статис­тикалық деректерін айтып өтті.
2023 жылдың 12 айында 39 қыл­мыстық іс 49 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 43 тұлғаға қатысты 34 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 575 тұлғаға қатысты 575 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 461 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 114-і қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 55 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 12 айында 727 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 404 іс бойынша шешім шығарылған. Ал, 95 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 106 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 110 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 91 азаматтық іс медиация тәртібімен, 1-еуі партисипатив тәртібімен, 17-сі бітімгершілік тәртібімен қысқар­тылған. Соттылығы бойынша 12 азамат­тық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 48 мақала жарияланған. 8 дөңгелек үстел, 22 семинарлық сабақ, 3 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілші­нің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақ­тарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: