«Е-ӨТІНІШ» – тиімді жүйе

164 Views

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін NCALayer программасын персоналды компьютерге орнату қажет. NCALayer программасы орнатылған соң, ашылған браузермен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне кіру үшін қызметкер логинін, паролін енгізеді.
«Е-өтініш» − азаматтардың мемле­кеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында құрылған.
Жеке немесе заңды тұлға өтініш беру үшін Google арқылы «Е-өтініш» теріп, E-otinish.kz сайтына өтеді. Әрі қарай өтініш беру батырмасын басу арқылы ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттік мекемеге өз сауалын жібере алады.
Статистикалық мәліметтер бойын­ша 2023 жылы аудандық сотқа 30 өтініштер түсіп, заңнамаға сәйкес уақтылы жауаптары берілген.

Ұ.АҚпанова,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: