Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

294 Views

Жылдамдықты ұлғайту және көлік ағынының қозғалыс қарқындылығы жол-көлік апатының туындауына, едәуір материалдың шығыны және адам өліміне әкеп соқтырады. Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы кауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі, оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктердің өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында оларды алғашқы өрт сөндіру кұралдарымен жабдықтау қажет.

Көліктерді апаттардан және өрт­­тер­­ден сақтау мақсатында тө­мен­дегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағандарыңыз жөн:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарық­тандыруға және көлік қоз­ғалтқыштарын қыздыруға ашык от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар, қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жи­һаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақта­маңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шек­пеңіздер;
Автокөліктерде болған өрт­тер­ді талдау нәтижесінде өрт­тердің шығуы­ның басты себебі, авто­мобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйық­талулар салдарынан болғандығы анықталады. Егерде автокөліктердің тетіктерінде ақаулар байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТО­КӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ ҚАЖЕТ:
• Автокөлікті тоқтатыныз;
• Қозғалтқышты өшіріңіз;
• Барлық жолаушыларды шыға­рыңыз.
• Егер от кішігірім болса, авто­көліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, отты сөндіруге тырысыңыз;
• Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз;
• Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз. Себебі, бұл электр сымдардың қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемін ұлғайтуы мүмкін;
• Егер жақын арада автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жерге апарыңыз.
• «101» немесе «112» телефон нөмір­лері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз;

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт
сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: