Запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру

332 Views

«Әскери қызмет және әскери қыз­­­мет­шілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан медициналық қызмет, ин­женерлік мамандықтарына келі­сім­шарт бойынша және әскери қызметке шақыру жүргізілуде.
Осыған сәйкес, Т.Рысқұлов ауда­нының Қорғаныс істері жөніндегі бөлі­мінде офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыс­тар атқа­ры­луда. Қарулы Күштерде қызмет атқару абыройлы, жалақысы жоғары төленетін кәсіп алу мүмкіндігін береді.
Офицерлер лауазымдарына келісім­шарт бойынша әскери қызметке шақы­рылатын адамдар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс.
– Қазақстан Республикасының аза­мат­тығында болуы;
– Дені сау болуы;
– Әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығының болуы;
– Соттылығының болмауы;
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар. Офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынған.
Қазақстан Республикасының Қару­лы Күштері қатарындағы офицер қызметінің басымдығы:
– Мемлекет есебінен бекітілген нормалар бойынша заттай мүлікпен (киім-кешекпен) қамтамасыз етіледі;
– кезекті еңбек демалысы кезеңінде айлықақысы сақтала отырып, екі лауа­зымдық айлықақы көлемінде сауық­тыруға арналған жәрдемақы төленеді;
– қызмет бабын ауыстырған кезде өзіне екі айлық, ақшалай қамтылым және әрбір отбасы мүшесі айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді;
– жоғары әскери оқу орнында оқи­тын әскери қызметшілердің 50 пайыз оқу ақысын мемлекет есебінен төленеді;
– ерте зейнетке шығу мүмкіндігі;
– бірінші кезекте әйелін жұмыспен қамту, балаларын балабақшаға немесе мектепке орналастыру;
– 25 немесе одан көп жыл әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге жыл сайынғы тегін санаториялық- курорт­тық емдеу іс-шаралары.
Екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылуға запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Т.Рысқұлов ауданы, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен толық ақ­парат алуға болады. Мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы №126. Тел: 8(72631) 2 14-81.

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім.

Поделиться ссылкой: