Мемлекеттік қызметте басты міндет – халық үніне құлақ түру

243 Views

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемле­кеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.
Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағ­дай­ларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну бары­сында орын алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету қо­ғам өмірінің барлық салаларын қам­титыны белгілі. Соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қыз­мет­терді алу барысында мемлекетпен ты­ғыз байланыста болады.
Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттердің сапасын қадағалау, қызмет алушы­лардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.
Өз кезегінде агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көле­мінде мемлекеттік қызметтер көр­сету сапасын бағалау және бақылау, ха­лыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау, қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқық­тарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.
Атап айтқанда, 2023 жылы Депар­таментпен 6 азаматтың бұзылған құқық­тары қалпына келтірілді.
Мәселен, Департаментпен аудан тұрғынының Қайыңды ауыл­дық округі әкімі аппаратымен «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мем­ле­кеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартылғандығы туралы шағымы қаралды. Департамент тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде ша­ғым иесінің уәждері өз дәлелін тапты.
Нәтижесінде ауылдық округтің әкіміне қатысты мемлекеттік қызмет көрсету барысында рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып қызмет көрсетудің оң нәтижесі берілді.
Ең бастысы, қызмет алушының өті­німі қанағаттандырылып, оған мемле­кеттік қызмет толығымен көрсе­тілді.
Бұдан бөлек Департаментке Жам­­был облысы әкімдігінің ауыл ша­руа­­­шылығы басқармасымен «Ин­вес­­­­тициялық салымдар кезінде агро­­­­өнеркәсіптік кешен субъектісі шек­­кен шығыстардың бір бөлігін өтеу бо­йынша субсидиялау» қызметін көр­се­тудің заң­намада белгіленген мер­зі­мі­нің бұзыл­ғандығы жөнінде ЖШС-тен ша­ғымы келіп түсті.
Онда аталған ЖШС-нің 3 өтініміне мем­лекеттік қызмет көрсету мерзімін ке­шіктіре отырып жауап берілгендігі және қайта жолдаған 2 өтінімі ке­шік­ті­рі­ліп тіркеуге алынғандығы көр­сетілген.
Департаментпен жолданым негізінде жос­­пардан тыс тексеру жүргізіліп, ен­гізілген нұсқамаға сәйкес ауыл ша­руа­шылығы басқармасы тарапынан ЖШС-тің өтінімдері бойынша толықтай мемлекеттік қызмет көрсетіліп, инвес­ти­циялық субсидиялау туралы келісім-шарт жасалды.
Осы орайда Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін атап өткен жөн.
Жоғарыда аталғандарға сүйене оты­рып, Мемлекет пен қоғам ара­сын­дағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұр­ғындарының сапалы мемлекеттік қыз­мет алуы Департамент қызметінің ба­сым­дықтарының бірі болып табы­ла­ды.

Р.Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы.

Поделиться ссылкой: