Сақтандырылмаған болсаңыз, сақтандырылған статусын иемденгеніңіз жөн

163 Views

Өткен аптада аудандық орталық аурухананың әдістемелік ұйымдастыру қызмет басшысы Раушан Жұманқұлова мен аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айхан Назарбеков Қайыңды, Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдық округтерінің жұртшылығымен жүздесіп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік жәрдемақылар туралы түсіндірді. Кездесуде жұртшылық тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Әсіресе, МӘМС-ке қатысты халық өз пікірлерін білдірді. Дегенмен, Раушан Көшербекқызы көпшілік көтерген өзекті сауалдарға нақты детальдар арқылы жауап қайырды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік жәрдемақылар туралы да бірді-екілі сауалдар болды. Өз кезегінде ол сауалдарға да аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айхан Назарбеков мемлекет тарапынан зейнеткерлерге көрсетіліп отырған жағдайлардың тиімділігін жілікше шағып түсіндіріп, айтып берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: