Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Egov.kz және egov.mobile қосымшасында санаторий-курорттық емдеу туралы өтініш беруге болады
Қызмет көмегімен санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін, электрондық өтінім беруге болады. Өтінім берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшірмесі болуы қажет.Қызмет көрсету нәтижесі электронды құжатта 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Қызметті Egov.KZ порталында «Азаматтарға», «Денсаулық сақтау», «Медициналық көмек» бөлімдерінен, ал Egov.KZ мобайл қосымшасында «Денсаулық сақтау» бөлімінен алуға болады.
Мықты мемлекет – Жемқорлықсыз ел
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорлықсыз мемлекет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.