Бала – адамның бауыр еті

180 Views

Таяуда аудандағы №6 мектеп гим­назия­сында «Жұлдызай» XIX аудандық балалар шығармашылық фестивалі өтті. Аталмыш фестивальға аудандағы барлық мектеп өнерпаздары қатысты. Іс-шара қонақтарының қатарында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Самылтыров болды. Фестивальдің негізгі мақсаты – балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытып, оларға барынша қолдау көрсету. Шараның концерттік бағдарламасы да ауқымды. Оған вокал­дық, хореографиялық нөмірлер және би өнері енгізілген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бала­лардың өнерге деген құлшынысы ерекше. Үлкен сахнада ән айтып, күй шерткен балалар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонда отырған ата-аналардың осындай фестивальдің жиі өткізіліп тұруын қалайтынын құлағымыз шалып қалды.
Дамуында ерекшелігі бар мұндай балалардың бойында ерекше қасиеттер болады. Мүмкін одан жақсы IT маманы, бәлкім мықты спортшы шығар. Әр бала­ның маңдайына жазылған таланты мен талабы болады деп ойлаймын. Сондықтан мұндай балалар болашақта топ жарып шығады деген сенімім мол.
Кеш соңында қатысушы бала­пан­дар­дың барлығына бірдей сыйлықтар мен дипломдар берілді. Қатысушылар арасынан Байқұт Інжу Қайратқызы бас жүлдені иемденіп, облыстық фестивальға жолдама алды. Менің ойымша, бала­лар тек байқау үшін ғана келген жоқ, олар барынша бір-бірімен араласып, кө­ңіл көтеру үшін келді. Бұл фестиваль сол ойыма құйып қойғандай шақ келді деп айта аламын. Балапандарымыз ауыр­масын, олардың болашағы жар­қын болсын!

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: