Өрт қауіпсіздік ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!

155 Views

Өрт талдауы бойынша өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 42 өрт оқиғасы тіркелді (2022 жылы-58). Өрттен келтірілген шығын 4 млн.120 мың теңгені құрады. Орын алған өрт оқиғаларын талдау бойынша: 28 өрт оқиғасы тұрғын үй аумағында, 10 өрт оқиғасы автокөліктерде, 4 өрт оқиғасы жем-шөп сақтау орындарында тіркелді.
Өрттердің шығуының негізгі себеп­тері: тұрғындардың от қолданудағы абайсыздықтары, электр құралдары қондырғыларының ақаулығы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, пеш мұржасы мен пештің ақаулығы, балалардың отпен ойнауынан және автомобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйық­талулар салдарынан болатыны белгілі.
Сондықтан да оттың не екендігі, оның пайдасымен қатар, қандай қауіп­ті екендігін балаға ерте жастан түсін­дірген жөн. Сонымен қатар, күн­де­лік­ті өмірдегі қолданылып жүрген тұр­мыстық техникаларды пайдалану ке­зінде мұқият болыңыздар. Келесі жайт­тарды естен шығармағандарыңыз жөн.
Электр жабдықтары мен электр құрал­дарын қолданған кезде: электр есеп­тегіштерде тек қана зауытта жа­сал­ған сақтандырғыштар болу керек. Бөл­мелерді жылыту үшін қолдан жасалған электр жылытқыштарды қолдануға бол­майды. Электр жүйесіне бірнеше жо­ғары қуатты электр құралдарын қосуға болмайды. Бұл оның шамадан тыс артуына әкеліп, өрттің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ескі уақытша электр сымдарын пайдалану қысқа мерзімді тұйықталуға әкеліп соғады.
Тыйым салынады:
– газ, электр құралдарын және жа­нып жатқан пештерді қараусыз қал­ды­руға;
– кішкентай балаларды үйге қамап кету­ге, оларға сіріңкемен ойнауға рұқ­сат беруге;
– темекі шеккенде абай болы­ңыз­дар, өшірілмеген темекі тұқылын еден­де немесе жатын орында қалдыр­ма­ңыз­дар.
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадаға­ла­ңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құрал­дарына, сондай-ақ осы мақсатқа икем­­делген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жа­рық­­­­тан­дыруға және көлік қозғалт­қыш­тарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жа­­лын, қыздыру лампалары) сонымен қа­тар, қолдан жасалған электр жылыт­қыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын мате­риалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйық­тықтар мен тез тұтанатын сұйық­тық­тар­ды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шек­пеңіздер;
– автокөліктерде болған өрт­тер­ді талдау нәтижесінде, өрт­тердің шы­ғуы­ның басты себебі – авто­мобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйық­талу­лар салдарынан болғандығы анық­талды. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағ­дайда оны тез арада жөндеу керек.
Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөмір­лері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: