Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің қатысуымен алқалы жиын өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан аумағында орналасқан мейрамхана мен кафелердің иелері арнайы шақырылды. Жиында тойханалардың жұмыс уақытын қысқарту және көктемгі екі айлық көгеріштендіру және абаттандыру мәселесі, яғни әлеуметтік ғимараттар мен тойханалардың алдын абаттандыру жайы қозғалды. Және басты мақсат – осы тойхана жұмысының уақытын қысқарту арқылы қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштыққа қол жеткізу. Сондай-ақ, кәсіпкерлер, кәсіпкерлер палатасы, ауылдық округ әкімдері және аудандық полиция бөлімімен өзара келісіп, төртжақты меморандумға қол қою туралы ұсыныс айтылды. Кездесу барысында тойхана иелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, аталған бағыттағы шараларды ұйымдастыруда талаптарды сақтауға жұмыс жасайтындықтарын білдірді.