Баршаның назарына!
21 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 1 сынып оқушысы, жас шахматшы Айару Каипова туралы біз көп жаздық. Ол өте дарынды оқушы. Дарындылығы өз алдына, талантын айтсаңызшы. Әйтпесе, кез келген адам 6 жасында Азия чемпионатына қатысып, жүлдегер болмайды. Ал біздің Айару небәрі 6 жасында сол биікті бағындырған жас вундеркинд. Жақында тағы да жағымды жаңалық естідік. Айару Каипова Аса ауылында өткен Жамбыл облысының кубогі жарысында шахматтың екі түрінен, яғни блиц және рапидтен жүлде еншіледі. 8 жасар қыздар арасында бақ сынаған Айару рапидтен жүлделі І орын, блицтен жүлделі ІІІ орын жеңіп алды. Жас шахматшы үшін бұл да бір үлкен белес. Газет беттеліп жатқанда тағы бір қуанышты жаңалықты естідік. Айару Каипова жасөспірімдер арасында 6 жеңіске жетіп, ІІ разрядты орындаған жас шахматшы атанды.
М.Жолдасбекұлы.