Ел ертеңі – білімді жастар!
Егеменді тәуелсіз еліміздің ертеңгі тірегі – білімді, тәрбиелі және өнегелі жастар, яғни еліміздің мәртебесін көкке көтеретін де, экономика мен демократияны дамытатын да жастар. Ел ертеңі бүгіннен басталатынын бұрыннан-ақ білген ата-бабаларымыз: «Бала – өмір жалғасы» – деп, бала тәрбиесіне өте ерекше мән берген. Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Сондықтан егеменді тәуелсіз еліміздің жалынды жастарының санасына осы ұлттық қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Жастарымыздың рухы биік, намысшыл, еліміздің нағыз патриоты болса ғана еліміздің ертеңгі еңсесі де биік болатыны сөзсіз.
Қазақ елін, мәңгілік ел ететін біздер – нағыз жастар. Өзіміздің ержүрек ата-бабаларымыздың арқасында ұлан-ғайыр еліміздің бейбітшілігін мәңгілік сақтап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, біздің өмір сүруімізге жағдай жасады. Ал, қазіргі таңда, еліміздің білімді, тәрбиелі және өнегелі жастарының арқасында қазақ елінің биіктен көрінуіне, дамыған елдердің қатарына енуіне, өздерінің үлестерін қосуда. Тәуелсіз еліміз қанатын кеңге жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек жастардың сапалы білім алуы, мамандықты дұрыс таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы, мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті мәселе болып отыр.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деген жазушы Мұхтар Әуезов. Еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Білім мен ғылымның және жаңа технологиялардың дамыған заманында, жоғары деңгейдегі жаңа типті мектептер, балабақшалар және жоғары оқу орындары салынуда. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының парызы. Бiлiм беретiн оқытушылар жастарға қолдау көрсету жолында елеулі еңбек етіп жүр. Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда. Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақты ата-ана мен мектеп болып бірлесіп тәрбиелеуде.
Қазір білектінің емес, білімділердің заманы. Ал, білімді болу үшін – оқу керек. Оқу үлкен сабыр мен ізденісті, тәрбиені талап етеді. Білім мен ғылымның және жаңа технологияларды жүзеге асыру жолында, біздер жастар бірге жүріп, жұмыс жасайық!
Білімді жастар көп болса, қазақ елі үлкен белестерге жете алады.
Жұпар Досмахан,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Өрнек ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы.