ӘЙЕЛ – қоғамның тең құқылы мүшесі

140 Views

Гендерлік саясат дегеніміз – әйел қауымын ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.

Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайыр­лы және құқықтық мемлекетті бекітуде Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше.
Бүгінгі таңда қыз-келіншектердің құқығы қорғалып, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісі мемлекеттік деңгейге көтеріліп, қолға алына бастады. Әр түрлі қызметтің биік шыңдарында әйелдер ерлермен иық тіресе қызмет етіп жүргені бәрімізге мәлім. Ең бастысы, әйел қоғамның тең құқылы мүшесі екендігінде.
Қазір ғылым, білім, техника дамы­ған заман. Осының нәтижесінде билік тізгінін ұстаған әйел қауымының саны артуда. Ол жағдайды кім болса да мойындайды. Қазіргі таңда бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық даму­дың мемлекеттік бағдарламасын дайын­дау үрдістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр.
Гендерлік стратегияны іске асы­рыл­ған жылдары отбасылық-неке қаты­настарында тұрған ерлер мен әйел­дердің құқықтары мен мүм­кіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қыз­метімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.
Елімізде әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының:«Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға келеді.

А.Замбаев,
аудандық соттың төрағасы.

Поделиться ссылкой: