Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы, көктемнің тамылжыған жайдары мейрамы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін күні.
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-Анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.
Халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің өзегі болған ежелгі мейрам бүгінде біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісім нығаюда.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, бұл күндері ауылдағы ағайын аулаларын тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып, бұлақтардың көзін ашып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған.
Сондықтан да түсіністікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Ұлыстың ұлы күнінің татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы айрықша.
Қымбатты жерлестер!
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өткен мен бүгінді сабақтастырып келе жатқан, сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың төл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!
Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, төл мерекеміз туған жер топырағына құт — береке әкелсін! Бар тілектеріңіз қабыл болып, жерімізде тыныштық, елімізде молшылық болғай! Дастархандарыңыз аққа толсын, шаңырақтарыңыз баққа толсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ардақты ағайын!