Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпанындағы «Әскери қызметін белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2024 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №443 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары» №620 бекітілген Қаулысын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2024 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» бұйрығына және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 ақпандағы №53 «2024 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Қаулыға сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскерлері мен әскери қызметке шақыру 2024 жылдың наурыз-маусым аралығында өтеді.
Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру бөлімшесіне келуге жататындар 18 жасқа толған, 2006 жылы туған, сондай-ақ, әртүрлі себептермен әскерге шақырылмаған және шақыру мерзімі ұзартылмаған 1997-2006 жылы аралығында туылған ер-азаматтар шақыртылады. Қазіргі таңда 18-ге толған ер азаматқа автоматты түрде көктемгі, күзгі шақырту бойынша смс хабарлама келеді. Сол смс хабарламаға мән бермей, бөлімдерге бармаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бабы бар. Мерзімді әскери қызметке шақыруға уақтылы келмеген немесе шақыру комиссиясына келуден жалтарған ер азаматтар Заң жүзінде жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының негізінде мекеме, кәсіпорын, ұйым оқу орындарының басшылары әскерге шақыртушыларды жұмыстан босатуға, іссапардан шақыртып алуға және шақыру бөлімшесіне уақтылы келуіне жағдай жасауға міндетті. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі азаматтарды кезекті көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырып, зерделеу дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мерзімді әскери қызметке Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті шамада 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға құқығы жоқ азаматтар жатады. Сонымен қатар, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық әскерге шақыру комиссиясының шешімі бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау – әр азаматтың борышы. Сондықтан да ата заңымызда атап көрсетілгендей, әр ер азамат Отан қорғау борышын абыроймен өтеуі парыз! Шақырылушы жастарды Отан алдындағы парызын адал орындап, берген антына адал болуға шақырамын!
Жандос Салиев,
Т.Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор.