Инвестжобалар арқылы әлеуметтің әлеуеті артады

130 Views

Биылғы жылға жоспарланған бірқатар инвестжобалар барысында алдағы жоспарлар мен міндеттер сараланды.
Соның ішінде, жобалық құндары 400 млн.теңге құрайтын Алғабас ауылындағы жылына 300 бас ірі және 1000 бас ұсақ малдарын бордақылауға арналған «Бай Алғабас» шаруа қожалығы мен Көгершін ауылдық округіндегі 500 бас ірі мал бордақылайтын «Ақтоған» шаруа қожалығының алаңдары. Бұл жобалар жыл соңына дейін іске қосылып, 20-дан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Одан бөлек, Құмарық ауылдық округіндегі жобалық құны 30 млн.теңгені құрайтын жылына 10 тонна алма шырынын өндіретін цех салу бойынша «Сарым» шаруа қожалығының инвестжобасын атап өту қажет. Аталған цех өз иелігіндегі 5 гектар, қосымша аудан аумағындағы 321 гектар алма бақтарын пайдаланып, жаңа өндіріс орнын ашуға ниетті. Жақында аудан әкімі Ернар Есіркепов аталған шаруа қожалықтарына арнайы бас сұғып, жетекшілерімен пікірлесті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: