Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

94 Views

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгер­туге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтің әкі­міне Қазақстан Республикасының заңна­масына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік корпорация ар­қылы өтініш береді.
Өтінішке қабылданған күні бо­йын­ша тіркеу нөмірі беріледі және өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі. Онда жер учас­кесінің нысаналы мақсатын өзгерту мә­селесі бойынша шешім қабылданған күн көрсетіледі.
Елді мекен шегінде орналасқан жер учас­кесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш ауылдық округтің әкіміне келіп түскен кезден бастап сегіз жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
Көрсетілген мерзімге:
– жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
– жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын немесе жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру кезеңдері кірмейді.
Ауылдық округтің әкімі келіп түскен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы сала­сын­дағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды. Жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік ор­гандар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі (мүмкін емес екендігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функ­цияларды жүзеге асыратын тиіс­ті құрылымдық бөлімшесі өтініш берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді.
Жер учаскесінің нысаналы мақ­сатын өзгертуден уәжді бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесінің белгіленген нысандағы қорытындысы түрінде ресімделеді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі тура­лы оң қорытынды келіп түскен жағ­дайда, ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқару­шы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытындыны дайындайды. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындап ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімінің жер учас­кесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлім­шесінен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы түпкілікті қорытынды келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой: