Ерекше әсерге бөлеген фестиваль

118 Views

Биыл қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына – 100 жыл.

Бұл фестиваль өзге өңірлерде жоқ. Тек 2001 жылдан бері біздің облыста ұйымдастырылып келеді. Өткен аптада «Білім кәсіподағы: 100 жыл – бір бағыт, бір мақсат, бір мүдде» тақырыбы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өрбіген «Тә­уелсіз елдің ұла­ғатты ұс­таздары» атты фес­тивалінің қо­ры­тынды кон­церті өтті. Биыл VІІІ рет ұйым­­дас­тырылып отыр­ған фес­­тивальге Тұрар Рыс­құлов ау­даны білім қыз­мет­керлерінің педагогикалық ұжым­дарының көркемөнерпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айта ке­тейік, бұл фес­тиваль аудан­дық деңгейде жо­ғары деңгейде ұйым­дастырылып, қорытынды концертке солардың ішінен іріктелген үздік өнерпаздар сахнаға шықты. Қорытынды концертке Жамбыл облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков, Жамбыл облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жанна Кушерова, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі Оралхан Дәуіт, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Сиқырлы таяқша» республикалық дирижерлар байқауының лау­реаты Көркемғали Серімбетов, ҚР Мәдениет сала­­сының үз­дігі, әнші әрі композитор Сәрсенбек Бәкір, ҚР Білім беру ісінің үздігі, республикалық және халықаралық байқау­ларда жүлдегер атанған би ұжымдарын дайындап, тәрбиелеген шебер педагог Ольга Привалова, қоғам белсендісі, Жам­был облыстық қо­ғамдық кеңестің мүшесі Ринат Нұрақбаев, Абай атындағы Жам­был гуманитарлық колледжінің оқытушысы Руслан Акбаров, облыстық филармонияның әншісі Маралбек Бабақұлов, облыстық филармонияның қазақ ұлт аспап­тар оркестрінің әртісі, күйші Дидар Басықараев және «Еңбекші» респуб­ликалық кәсіподақтық басылымының бас редакторы Бейбіт Бекназаров қазылық етті.
Фестивальге қазылық еткен қонақтармен бірге концерттік бағдарламаны аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов те тамашалады.
Бұл жолғы фестиваль расыменде өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көзге көрініп тұрды. Әр аталым бойынша сәтті нөмірлер таңдалған. Және сол нөмірлерді орындап шыққан көркемөнерпаздардың дайындығына ерекше назар аударылған. Біз соны байқадық. Біз ғана емес, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің залын лық толтырған ұстаздар қауымы да осындай ойда отырғанына бек сенімді едік.
Фестиваль соңында қазылар алқа­сының төрағасы Ерұлан Сәбенұлының өзі де жұртшылық алдында сөй­леген сөзінде ауданымыздың педагогикалық ұжым көр­кем­өнерпаздары жа­уапкершілікті сезініп, фес­тивальге тың­ғылықты дайын­далғанын сөз етті. Және фестивальге төрелік еткен әрбір қазылар ал­қасының сөй­леген сөздерінен де сол пікір аңғарылып тұрды. Расымен де бұның бәрі өздігінен бола салған концерттік шара емес. Бұл жерде аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратованың зор қолдау білдіргені анық. Фестиваль соңында әр аталым бойынша үздік өнер көрсеткен педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздарына алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: