Өрт – тілсіз жау

132 Views

Жыл сайын көктемгі кезеңде азаматтық қорғаудың барлық күші өрттің алдын алу жұмыстарына бел шешіп кіріседі. Көктем – өртке ең қауіпті маусым болып саналады. Былтырғы құрғақ шөп қалады. Осы кезеңде өрт кез келген қадағалаудан, сөндірілмеген темекі тұқылынан, құрғақ шөпті арнайы жағу және аумақты тазалау кезінде қоқысты бақылаусыз жағудан туындауы мүмкін.

Өрттің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтау қажет:
– учаскені және оның маңайындағы аумақты жанғыш заттардан, түскен жапырақтар мен шөптерден уақтылы тазалаңыз;
– құрылыстардың жанында қоқыс­тарды өртемеңіз;
– қоқысты өртеген кезде толық тоқ­татқанға дейін жануды бақылау қажет.
– жеке үйлер мен бау-бақша учас­келерін, жүретін көшелерді ағаш бұтақ­тарымен, қоқыспен, құрылыс және басқа да жанар-жағармай материал­дары­мен жинауға болмайды. Себебі, бұл өрт сөн­­діру автокөліктерінің өтуіне кедергі кел­тіреді;
– электр желілерін, тұрмыстық және газ құралдарын пайдалану кезінде сақ­тық шараларын сақтаңыздар;
– ашық отты пайдалану кезінде абай болыңыз: шам, керосин және дәнекерлеу шамдарын қараусыз қалдырмаңыз;
– жеке тұрғын үйлерде қоқысты кон­тейнерге жинап, арнайы жабдықталған қоқыс алаңына апару керек. Ал үй­дің жанында көктемгі және жазғы ке­зеңде өртті сөндірудің бастапқы құрал­дарының болуын қамтамасыз ету қажет (көлемі 200 литрден кем емес суы бар бөшке, шелек, құм салынған жәшік, күректер);
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
Тұтану анықталған жағдайда оқиға болған жердің нақты мекенжайын көр­сетіңіз. «101» телефон нөміріне дереу хабарлаңыз.
ОТПЕН АБАЙ БОЛЫ­ҢЫЗ! ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕ­ЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: