Әдеп сақтау – Мемлекеттік қызметтегі басты құндылық

148 Views

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкіл мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
– Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, нақтылай айтқанда түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
–Ақпараттық сипаттағы жұмыстарды атқару;
– Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыру;
– Ұжымдарда моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға көмектесу (анонимдік сауалнамалар жүргізу).

М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой: