Еңбегімен танылған азамат
46 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Құландық тұрғындардың демалысына арналған саялы саябақты абаттандыру жұмыстарына ден қойылуда.
Салық басқармасының жанындағы саябаққа алдағы уақытта тұрғындардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай тақырыптық аймақтарды ұйымдастыру көзделуде. Оның ішінде тематикалық аллеялар, шағын сәулет пішіндері мен әртүрлі ойын алаңдарын атап өтуге болады.
Осы мақсатта аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өткен аптада аталған саябаққа бөлім басшылары мен жеке кәсіпкерлердің және тараздық «Art Erbolat» мекемесі сәулетшілерінің басын қосып, парктың архитектуралық-көркемдік келбетіне қатысты концептуалдық әзірліктер туралы пікірлесті.
«Құлан таңы» ақпарат.