Көгершінге сапалы ауызсу келсе…

104 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Көгершін ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес өткен кездесу Көгершін ауылдық округінің мәдениет үйінде өтті.

Аталмыш кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы да қатысты. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы аудан аумағында атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті ауқымды жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жиында басты екі мәселе қаралды. Оның біріншісі, әрине басты назарда тұрған ауызсу тақырыбы. Аудан әкімі өз сөзінде осыдан жеті жыл бұрын салынған су ғимаратының дұрыс жұмыс атқармағандығын және құжаттарының дұрыс еместігінің барлығын білетінін тілге тиек етті. Және алдағы уақытта олқылықтардың барлығының алдын алып, қайтадан ғимаратқа құрылыс жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде өз ойын айтты.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Көгершін ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының тарлығы жайында да сөз қозғады. Бұл медпункт ғимараты ауылдағы халық санына сәйкес келмейді. Осыған байланысты аудан басшысы жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде келер жылы ауылға жаңа дәрігерлік амбулатория нысаны салынатынын жеткізді. Жиында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселелер көтерілді. Соның бірі ауыл жастарының пікірінше, ауылға апарар асфальт жолдың тарлығы. Оның үстіне, 2018 жылы төселген асфальттың жылдан жылға сапасы нашарлап, жұртты әбігерге салуда. Сондай-ақ, жиында қайтарымсыз грант, денсаулық, жайылым жердің тапшылығы, сапалы ауызсу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы барлық сауалдарға рет-ретімен жауап беріп, жауапты басшыларға мәселелерді басты назарда ұстап, көтерілген ұсыныстарды қаперге алып, жүйелі жасауды тапсырды.

Поделиться ссылкой: