Негізгі міндет – халыққа қызмет
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі:
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы,3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
Жоғарыдағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Т.Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетіледі.
Жолдары:
– тұтынушы жиналған құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады.
– Халыққа қызмет көрсету орталығының курьері тұтынушыдан келіп түскен құжаттарды аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне өткізеді.
– аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі он жұмыс күні аралығында құрылған комиссия мүшелері арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығынан келіп түскен құжаттарды қарап, зерделеп, хаттама арқылы шешім қабылдайды.
– комиссия мүшелері хаттамасының шешіміне сүйене отырып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бұйрық шығарады.
– аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының шығарған бұйрығы Халыққа қызмет көрсету орталығына жолданады.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі.