Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру мақсатында «Ел болып оқимыз» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба аясында Көгершін ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Сарысу ауданының Құрметті азаматы, талантты ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына арналған «Жазармын бұл қаламмен талай өлең…» атты әдеби фанфик өткізілді.
Аталмыш іс-шараны Көгершін ауылдық округінің әкімі Ернар Бағылбеков ашып берсе, кітапхананың тұрақты оқырмандары Серік Өтегенов пен Болат Жансеріков жыр жампозының шығармашылығына тоқталып, әсерлі әңгімелерін айтып, қызықты ойларымен бөлісті.
Кітапхананың тұрақты оқырмандары айбоз ақынның жалынды жырларын жатқа оқыса, кітапханашы «Жүйрік қалам иесі» атты көрме инсталляциясына шолу жасап, көпшілік қауымға таныстырды.
Әдеби фанфикте ақынның сөзіне жазылған «Айт дедің-ау» әні шырқалды.
Мархабат Ділдебаева,
Көгершін ауылдық кітапханасының кітапханашысы.